05 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №171 

378 рет
көрсетілді
39 мин
оқу үшін
2015 жылғы 24 ақпан, Астана қаласы Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-14) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестиялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтүзбелік күн ішінде көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығында республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________Е.Досаев 2015 ж. 6 сәуір Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №171 бұйрығына 1-қосымша Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Респуб­лика­сының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республи­касының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және тіркелген телефон байланысы қызметтерін (бұдан әрі – телефон байланысы қызметтері) көрсету тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидалардың қолданысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген телефон байланысы қызметтерін және олармен технологиялық жағынан байланысты қызметтерді ұсынатын барлық байланыс операторларына, абоненттерге және (немесе) осы қызметтерді пайдаланушыларға таралады. 3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) абонент – байланыс қызметін көрсету мақсатында абоненттік жол, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызмет көрсету үшін шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат – абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, почталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін реквизиттері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер; 3) абоненттік желі – жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы; 4) абоненттік нөмір – байланыс қызметін көрсету туралы шартты жасасу кезінде абонентке бөлінетін телефон нөмірі, ол арқылы оған басқа абоненттік құрылғыларды жалғаған кезде жергілікті телекоммуникация желісіне қосылған абоненттік құрылғы сәйкестендіріледі; 5) абоненттік құрылғы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы; 6) аймақтық телефон байланысы – жергілікті телекоммуникация желісіне қосылған және бір нөмірлеу аймағы шегінде орналасқан пайдаланушы (түпкілікті) жабдығы арасындағы телефон қосылысы; 7) байланыс арнасы – жиіліктер белдеуінде телекоммуникация құралдарының арасында немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар телефондық, телеграфтық, деректер беру арналары болып, ал аумақтық белгілері бойынша – халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді; 8) байланыс жолдары – тарату жолдары (кабельдік, радиорелелік, жерсеріктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кабельдік құрылғылары, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) жолдар; 9) байланыс қызметтері (бұдан әрі – телефон байланыс қызметтері) – телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, жеткізу жөніндегі қызмет; 10) байланыс қызметтерін көрсету – байланыс операторларының байланыс қызметтерін пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлері өнімінің жалпы сыныптауышында келтірілген байланыс қызметтерін көрсетуді қамтитын қызметі; 11) телефон байланысы қызметтерін пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – телефон байланысы қызметтерін алушы жеке немесе заңды тұлға; 12) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға; 13) байланыс операторының әрекет ету аймағы – байланыс операторы өзінің телекоммуникация желісінің мүмкіндіктеріне сәйкес телефон байланысы қызметтерін көрсетуге кепілдік беретін аумақ; 14) биллинг – абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ, оларды трафиктеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен; 15) есеп айырысу кезеңі – байланыс операторы белгілеген есептік кезең аяқталғаннан кейінгі кезең, абонент осы кезең ішінде көрсетілген тіркелген телефон байланысы қызметтеріне төлем жасайды; 16) есепке алу кезеңі – күнтізбелік ай, осы кезең ішінде тарифтік жоспарға сәйкес көрсетілген және есептелген байланыс қызметтері және өзге қызметтер; 17) жалғау желісі – телекоммуникацияның жалғайтын және жалғанатын желілерінің арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, байланыс желісі мен станциялық жабдықтау бөлігін қамтитын техникалық құралдар кешені; 18) Жеке кабинет – өз-өзіне қызмет көрсетудің, қызметтерді бақылаудың және басқарудың, сондай-ақ өзге де маңызды заңға қатысты әрекеттерді жасаудың автоматтық интерфейсі бар абоненттің парақшасы, абонент оған пароль енгізу арқылы кіреді. Жеке кабинеттің көмегімен абонент телекоммуникация қызметтеріне жазылып, оны өзгерте алады, көрсетілген қызметтерге ақы төлейді, Жеке кабинеттің функционалдық мүмкіндіктерімен көзделген өзге де әрекеттерді орындай алады; 19) жергілікті телекоммуникация желісі – елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралы. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық деп бөлінеді; 20) жергілікті телефон байланысы – телекоммуникацияның бір жергілікті желісі шеңберіндегі абоненттер, пайдаланушылар арасындағы телефон қосылуы; 21) қызметке ақы төлеудің аралас жүйесі – төлеу жүйесі, белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы мынадан тұрады: тұрақты құрамдас бөліктен – абоненттік желінің түріне қарамастан оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғауды тарифтеу бірлігінің белгілі бір саны үшін төлемақыдан; уақытына қарай құрамдас бөліктен – телефон қосылысы берілгені үшін оның тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай төлемақыдан тұратын ақы; 22) қызметке уақытына қарай ақы төлеу жүйесі – белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон қосылысының берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметке ақы төлеу жүйесі; 23) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі – жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі; 24) тарифтеу бірлігі – Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі; 25) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтардан (стансалардан, кіші стансалардан, концентраторлардан), желіжол-кәбілдік құрылыстардан (абоненттік, жалғау желіжолдары мен арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын телекоммуникация хабарламаларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс желіжолдарының жиынтығы; 26) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) – электр магниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, беруге, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдықтар, жүйелер және бағдарламалық құралдар; 27) телекоммуникация хабарламалары – телекоммуникация құралдарының көмегімен берілетін ақпарат; 28) телефон қосылыстары қызметіне ақы төлеудің абоненттік тіркелген жүйесі (бұдан әрі – қызметке ақы төлеудің абоненттік жүйесі) – байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңіндегі төлемдер сомасы абоненттік желіжолды оның түріне қарамастан, абонентке тұрақты пайдалануға беру төлемақысын және жергілікті телефон қосылысының бір абонентке шаққандағы орташа ұзақтығына қарай төлемақыны қамтитын, қызметке ақы төлеу жүйесі; 29) терминал – абонент (пайдаланушы) берген ақпаратты байланыс арналары бойынша беру және (немесе) қабылдау үшін электр байланысы дабылын қалыптастыратын, абоненттік желіге қосылатын түпкілікті жабдық; 30) терминалдарды қосудың қосарланған схемасы – екі терминалды бір абоненттік желіге қосу тәсілі, бұл кезде осы екі терминал үшін оларды бір уақытта байланыстыру мүмкін емес; 31) трафик – байланыс құралдарына жүктеме жасайтын шақырулар, хабарламалар мен дабылдар легі; 32) үкіметтік байланыс – мемлекетті басқару қажеттілігі үшін арнайы қорғалған байланыс; 33) ірі апат – сыйымдылығы 100 және одан да көп абоненттік желіжолдардан тұратын байланыс желілерінің немесе коммутациялық жабдықтардың зақымдануы; 34) тариф – белгілі бір байланыс қызметтерін көрсетуге байланыс операторымен белгілеген төлем; 35) тарифтік жоспар – байланыс қызметтері тізбесі мен құнын, оларды көрсету ерекшеліктері мен тарифтеуді айқындайтын, байланыс операторы абоненттерге, немесе абоненттердің белгілі бір тобына, немесе белгілі бір шектеулі аумақта белгілейтін тарифтік ұсыныстар жиынтығы; 36) техникалық мүмкіндік – абонентке байланыс қызметтерін көрсетуге қажетті, телекоммуникация желісі қолданыстағы аймақта жұмыс істейтін техникалық құралдар мен құрылыстардың болуы (нөмірлер ресурстарының абоненттік байланыс желілері). 4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында мемлекеттік органдардың сәйкес, үкіметтік байланысты қоспағанда кез келген желілер мен байланыс құралдарын басымды пайдалануға, сондай-ақ жұмыстарын тоқтата тұруға құқығы бар. 5. Телефон байланысы қызметтерін көрсету кезінде туындайтын байланыс операторының абоненттермен өзара қарым-қатынасы мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүзеге асырылады. 6. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен осы құқықты шектеу жағдайларын қоспағанда, телекоммуникация желілері арқылы жүзеге асырылатын телефон сөйлесулерінің, сондай-ақ олар туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді. 7. Телефон байланысы қызметтері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес байланыс операторы мен абонент арасында жасалатын телефондық байланыс қызметтерін көрсету туралы жария шарттың (бұдан әрі – Шарт) негізінде көрсетіледі. 2. Телефон байланысы қызметтерін көрсету тәртібі 8. Мыналар: 1) жергілікті телефон байланысы қызметтері; 2) аймақтық және қалааралық телефон байланысы қызметтері; 3) халықаралық телефон байланысы қызметтері телефон байланысы қызметтері болып табылады. Телефон байланысы қызметтері абоненттік құрылғылардан немесе таксофоннан жергілікті, аймақтық, қалааралық және халықаралық телефон қосылуларын, сондай-ақ басқа да байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен қосылуларын жүзеге асыру мүмкіндігінің ұсынылуын қамтамасыз етеді. 9. Телефон байланысы қызметтері барлық санаттағы абоненттерге және пайдаланушыларға тең жағдайда көрсетіледі. 10. Байланыс операторының абонентке телефон байланысы қызметін көрсеткенде оған өзге ақылы қызметтерін күштеп жүктеуге жол берілмейді. 11. Абонент: 1) егер ол жеке тұлға болып табылса, төлем қыбылдау жүйелер енгізілген қалаларда техникалық мүмкіндік болған жағдайда қызметке ақы төлеудің абоненттік, уақытпен есепке алу немесе аралас жүйесін таңдайды; 2) телефон байланысы қызметін рұқсат етілген жүктемелер шегінде өзіне қажет көлемде, оларды өтініші бойынша қоса отырып, пайдаланады; 3) байланыс операторында техникалық мүмкіндік болғанда, қалааралық, халықаралық телефон қосылыстарына немесе ұялы байланыс операторларының желісіне қосылыстарға жазбаша өтініш беру арқылы лимит қоя алады; 4) абоненттің кінәсінен емес байланыстың болмаған кезеңінде, телефон желілеріндегі авариялар кезінде төленген телефон байланысы қызметтері үшін, абоненттің келісімінсіз өзге қосымша қызметтерді көрсеткені үшін төлемдерді қайта есептеуді жазбаша талап етеді; 5) Байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, апат, анықтама және басқа да қызметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі №929 қаулысына (бұдан әрі – Тізім) сәйкес шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердiң жедел шұғыл қызметтерін шақырту үшін телефон байланысын тегін пайдаланады; 6) бұл туралы байланыс операторына жазбаша хабарлап және оған келтірілген шығыстарды төлей отырып, Шартты бір жақты тәртіппен бұзады; 7) оның нөмірін анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің абоненттер тізіміне енгізуден жазбаша бас тартады; 8) абоненттің құрылғылардың техникалық жүктемелерін мүмкін шегінде пайдаланады; 9) оған көрсетілген телефон байланысы қызметтері үшін уақтылы және толық көлемде төлем жасайды; 10) қажет болған жағдайда, байланыс операторы өкілдерінің абоненттік құралдарға және байланыс құралдары орналасқан үйжайлар мен аумақтарға, оларды тексеру, жөндеу және техникалық қызме көрсету мен жаңғырту үшін қол жеткізу мүмкіндігін береді; 11) байланыс операторына айлық мерзімде телефондандырылған үйжайларды сататыны туралы, тегін, атын, әкесінің атын өзгертетіні туралы, мекенжайын өзгертетіні туралы хабарлайды; 12) өзінің орынжайында абоненттік желіжолды және терминалды жарамды жай-күйде күтіп ұстайды. 12. Байланыс операторы: 1) телефон байланысы қызметін төлеу бойынша жеңілдіктерді жоғалту немесе оның бар кезінде абонентке телефон байланысы қызметтерінің құнына қайта есеп айырысуды жүргізеді; 2) абонент телефон желісіне қосылу құнын төлегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде абоненттік терминал нөмірін бере отырып немесе Шарт жасалғаннан кейін абонентпен уағдаласып, телефон желісіне қосылу құнын көрсетілген қызметтердің жалпы есебіне қоса отырып, телефон байланысы қызметтерін көрсетуді бастайды; 3) көрсетілетін телефон байланысы қызметтерінің сапасы мен санына есеп пен бақылау жүргізеді, бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды; 4) есеп құралдарына техникалық күтім жасау және тексеру жүргізеді; 5) абонент телефон байланысы қызметінің сапасы нашарлағаны туралы өтінішті берген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сапасын қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдайды және абоненттік төлемнің қайта есебін жүргізеді; 6) абоненттің өтініші бойынша стансалық және желіжолдық зақымдануды жояды; 7) көрсетілген телефон байланысы қызметтері үшін айына бір рет шот ұсынады; 8) абоненттің кінәсінен болмаған, абоненттік құрылғының нақты жұмыс істемей тұрған кезеңінде абоненттік төлемге қайта есептеу жүргізеді; 9) абонентке телефон желілеріндегі авариялар туралы және осы аварияларды жоюдың болжамды мерзімі туралы хабарлайды; 10) абонентке абоненттік нөмірді алмастыру туралы және (немесе) себептерін көрсете отырып, терминалды ажырату туралы 30 күнтізбеліқ күн бұрын қолжетімді тәсілмен хабардар етеді; 11) абоненттің келісімі бойынша оларды қолданысқа енгізгенге дейін 30 күнтізбеліқ күннен кешіктірмей бұл туралы оған хабардар ете отырып, байланыс қызметтеріне арналған тарифтердің шарттарын өзгертеді; 12) уақытында ақысын төлемегені үшін ажыратылған телефон байланысы қызметтеріне қолжетімділікті берешекті өтеген кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде тегін қайта іске қосады; 13) абоненттің талабы бойынша оған телефон байланысы қызметтерін көрсетумен байланысты ақпаратты ұсынады; 14) абоненттерге телефонды байланыс қызметтеріне акциялық тарифтік жоспарларды ұсынады және абоненттердің келісімі бойынша қолданады. 13. Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай нөмірлерді теру арқылы шұғыл медициналық (103), құқық қорғау (102), өртке қарсы (101), апатты (104), құтқару (112), анықтамалық (118) қызметтерді шақыру пайдаланушылар үшін Тізімге сәйкес тегін болып табылады. Көрсетілген нөмірлермен байланысты ажыратып тастауға және (немесе) шектеуге жол берілмейді 14. Байланыс операторларының сот шешімі болмаса, байланыс арналарын ажыратуға және (немесе) үкіметтік байланыс қызметтерін, Қазақстан Республикасының әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарына байланыс қызметтерін көрсетуді ажыратпайды. 15. Байланыс операторымен телефонды байланыс қызметтерін көрсету кезінде, өзге де қызметтерді алу шарттарын орындамаған жағдайда, абоненттің/пайдаланушылардың құқықтарын шектеуге жол берілмейді. 16. Жеке немесе заңды тұлғалармен Шартқа отыруға техникалық мүмкіндіктің болмауы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқалай көзделмесе, өтінішті кешірек берген және техникалық мүмкіндігі бар басқа үйлер мен кіреберістерде (подъезд) тұратын, жеке немесе заңды тұлғалармен Шарт жасасуға кедергі етпейді. 17. Байланыс операторының әрекет ету аймағында (осы жергілікті телекоммуникация желісінің шеңберінде) абоненттің мекенжайы өзгерген жағдайда, оның өтініші бойынша және техникалық мүмкіндік болғанда Шарт бұрын бөлінген абоненттік нөмірді (нөмірлерді) пайдаланумен қайта рәсімделеді немесе жаңа нөмір (нөмірлер) беріледі. Жаңа мекенжай бойынша көрсетілген Шарт орындау үшін техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, абонент телефон орнату кезегіне қойылады. 1 параграф. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторын таңдау кезінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсетудің ерекшеліктері 18. Байланыс операторлары өз желілерінде байланыс қызметтерін әрбір пайдаланушыға қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторын еркін таңдауда техникалық мүмкіндікті қамтамасыз етеді. 19. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторын еркін таңдау мынадай жолдармен ұйымдастырылады: 1) алдын ала таңдау; 2) операторды әрбір шақыру кезінде таңдау. 2 параграф. Телефон байланысы қызметтерін байланыс операторының ұжымдық пайдалану пункттерінде және таксофондарды пайдалана отырып көрсету 20. Оператордың ұжымдық пайдалану пункттерінде (сөйлесу пункттерінде) телефон байланысы қызметтерін көрсетуге тапсырыс пайдаланушының айтуымен және оның көзінше тапсырыс бланкісін толтыру жолымен ресімделеді. Бұл ретте пайдаланушыға телефон байланысы қызметтерін көрсетуге тапсырыстың қабылданғанын растайтын түбіртек немесе басқа құжат беріледі, онда: 1) байланыс операторының атауы. Егер байланыс операторы жеке кәсіпкер болса – оның тегі, аты, әкесінің аты және мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер көрсетіледі; 2) пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты; 3) телефон байланысы қызметінің атауы; 4) телефон байланысы қызметінің бағасы; 5) байланыс операторының қалауымен басқа да мәліметтер қамтылады. 21. Пайдаланушы ұжымдық пайдалану пункттерінде қалааралық және халықаралық телефон байланысының автоматты жүйесін пайдалануға тапсырыс бланкісін ресімдемей, аванс сомасын енгізгеннен кейін жіберіледі. Қызметті пайдалану аяқталған соң, ұжымдық қатынау пункттерінің операторы телефон байланысы қызметтерін пайдаланушымен мынадай ақпараттан тұратын түбіртекті немесе есеп айырысу чегін бере отырып, түпкілікті есеп айырысады: 1) байланыс операторының атауы. Егер байланыс операторы жеке кәсіпкер болса – оның тегі, аты, әкесінің аты және мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер көрсетіледі; 2) ұжымдық пайдалану пунктті туралы мәліметтер; 3) күні, уақыты; 4) аванс сомасы; 5) қызмет құны; 6) байланыс операторының қалауымен байланыс қызметтеріне басқа да деректер. 22. Таксофондарды пайдалана отырып, телефон байланысы қызметтерін көрсету міндеттемесін байланыс операторы пайдаланушының телефон байланысы қызметтерін алуға қажетті әрекеттерді оның жасағанынан, жетон немесе пластикалық картаны алғанынан, телефон байланысы қызметтеріне ақы төлеу үшін басқа да төлем құралын пайдаланғанынан бастап қабылдайды. Байланыс операторы пайдаланушыны өзінің атауы, орналасқан жері, жұмыс тәртібі туралы, сондай-ақ телефон байланысы қызметтерін алу үшін пайдаланушының жасауы тиіс әрекеттері туралы ақпаратпен хабардар етеді. Бұл ақпарат таксофонның жанында орналастырылады немесе пайдаланушыға басқа да қолжетімді тәсілмен беріледі. 3 параграф. Телефон қосылыстарының ұзақтығын және құнын анықтауды есепке алу 23. Жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон қосылуларының болған ұзақтығын есептеу тарифтеу бірлігіне сәйкес жүргізіледі. 24. «Белгілі бір абоненттік нөмірді шақыру» немесе «дербес қосылыс» қызметімен қалааралық немесе халықаралық телефон қосылысы кезінде телефон қосылыстары ұзақтығының есебі абоненттік құрылғының шақырылып отырған кез-келген тұлғаның жауап беру сәтінен, не болмаса абоненттік құрылғының белгілі және/немесе дыбыстаспаны қосу сәтінен бастап анықталады. 25. «Конференц-байланыс» қызметінің ұзақтығы шақырушы тұлғамен барлық шақырылушы тұлғаларды қосқаннан кейін есепке алынып, шақырушы тұлғаның тоқтату сигналын беру сәтінде аяқталады. 26. Жергілікті (жергілікті қосылулар ұзақтығын уақыт бойынша қарай есепке алу жүйесі енгізілгеннен кейін), автоматты қалааралық немесе халықаралық телефон қосылуларын көрсету кезінде ақысы төленуге жататын уақыт шақырылушы абоненттің кез-келген тұлғаның жауап беруі сәтінен бастап абоненттік құрылғысының байланысын үзу сәтіне дейін анықталады. 27. Телефон қосылуы үшін төлем тарифтеудің толық бірліктерінің саны бойынша тарифке көбейтілген телефон қосылыстарының нақты ұзақтығымен анықталады. 28. Егер телефон байланысы қызметтерін көрсету кезінде шақырылатын тұлғаның желісі зияткерлік қызметтерді (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) ұсыну бойынша жабдыққа қосылғаны айқындалса, тарифтелетін қосылыс басталғанға дейін байланыс операторы абонентке осы қосылыстың құны туралы және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңына сәйкес ақпаратты ұсына отырып хабарлайды. Абонент телефон қосылысына келіскен жағдайда (яғни абонент мұндай қосылысты үзбеген жағдайда) осы қосылыс үшін төлем тарифтеудің толық бірліктерінің саны бойынша тарифке көбейтілген телефон қосылыстарының ұзақтығымен анықталады. Егер абонент мұндай қосылысқа келіспесе (яғни тиісті хабарламаны алған соң, осы қосылысты үзген жағдайда), онда қосылысты орнатуды ұйымдастыруға төлемақы алынбайды. Егер оператор мұндай қосылуды үзбеген жағдайда, онда абонентке көрсетілген ұялы байланыс қызметтеріне есептелген қарызды төлемеуге болады, алайда оператор абонентке есептелген қарызды қайта есептеуді жүзеге асырады. Егер байланыс операторы тарифтелетін қосылыс басталғанға дейін абонентке осындай қосылыстың құны туралы хабарламаса, онда зияткерлік қызметтерге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық- ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қатынауды ұсынғаны үшін төлем алынбайды. 29. Абонентке көрсетілген тіркелген телефон байланысы қызметтері үшін биллинг жүйесінің шот қалыптастыруына негіз өлшем біртұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілуі тиіс және қолданыстағы тексерім сертификатына ие қосылыстардың ұзақтығын өлшеу жүйесінің деректері және деректер беруді өлшеу жүйесі болып табылады. 30. Қазақстан Республикасы аумағынан шығатын халықаралық телефон қосылулары, шақырылушы тұлға есе­бі­нен төленетін халықаралық телефон байланысының қызметтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасында төленеді. 4 параграф.Телефон қызметін көрсету туралы шарт жасау ерекшеліктері 31. Телефон байланысы қызметтері жеке тұлғаларға Телефон байланысы қызметтерін көрсету туралы шарт негізінде көрсетіледі және ол абоненттің шарт жасасу туралы өтінішті беруі арқылы, оны құптағанынан кейін қолданысқа енгізіледі. 32. Заңды тұлғаларға телефон байланысы қызметтері жазбаша нысанда жасалатын Телефон байланысы қызметтерін көрсету туралы шарт негізінде көрсетіледі. 33. Өзінің байланыс оператордың интернет-ресурсындағы Жеке кабинет арқылы немесе абонентті сәйкестендіретін деректерді (абоненттік нөмір, пароль, құпия сөз және басқа да мәліметтер) пайдалана отырып, абонентті сәйкестендіргеннен кейін телефонмен интерактивті қарым-қатынас жасау абоненттің өтінішіне тең болады. 34. Шартта мынадай деректемелерді қамтиды: 1) байланыс операторының атауы; 2) шарт мәні; 3) қызметтер көрсетудің жалпы талаптары; 4) Шарттың қолданыс мерзімі және оны өзгерту мен бұзу талаптары; 5) телефон байланыс қызметтерін есептеу тәртібі, шотты жеткізу тәсілі; 6) есеп айырысу тәртібі мен мерзімдері; 7) абоненттің құқығы мен міндеттері; 8) байланыс операторының құқығы мен міндеттері; 9) тараптардың жауапкершілігі және дауларды реттеу; 10) өзге де шарттар; 11) байланыс операторының заңды мекенжайы мен деректемелері (есеп айырысу шотының деректемелері, егер көрсетілетін қызметтер лицензияланатын болса, онда берілген лицензияның деректемелері); 12) абонент туралы мәліметтер: пошталық мекенжайы, электронды пошта адресі, телефон нөмірі, заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі. 13) қазіргі заңнамаға сәйкес телефон байланыс қызметін ұсыну бойынша талап және шектеу; 20) интеллектуалдық қызметті алудан абоненттің бас тартуы немесе келісімі (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, ақпараттық-анықтама қызметі, танысу қызметі). 35. Байланыс операторы абонентке шарт жасауға және орындауға қажетті ақпаратты ұсынады. Көрсетілген ақпарат көрнекі түрде және қолжетімді нысанда бұқаралық ақпарат құралдары, анықтама-ақпараттық қызметтер арқылы, сондай-ақ телефон байланысы қызметтерін көрсету орындарында абоненттің және (немесе) пайдаланушының назарына тегін жеткізіледі. 36. Байланыс операторының шарт жасау барысында абонентке және (немесе) пайдаланушыға ұсынатын ақпараты мыналарды қамтиды: 1) атауы (фирмалық атауы), филиалдар тізбесі, орналасқан жері және жұмыс тәртібі; 2) есеп айырысу шотының деректемелері; 3) берілген лицензияның деректемелері; 4) телефон байланысы қызметтерінің тізбесі, оларды көрсету шарттары мен тәртібі: көрсетілетін қызметтердің типтері мен ақылы және тегін қызметтерді көрсете отырып, олардың егжей-тегжейлі сипаттамасы; қызметтер көрсету тәртібі мен талаптары; бастапқы қосылу жүзеге асырылатын ақырғы мерзім; қызметтерді көрсету тоқтатылатын талаптар; 5) шарт мәнімен байланысты техникалық күтім жасау қызметтері туралы ақпарат: техникалық күтім жасау жүргізілетін талаптар; анықтама-ақпараттық қызметтер мен жөндеу қызметтерінің абоненттік нөмірлері; 6) телефон байланысы қызметтеріне арналған тарифтер туралы ақпарат: әрбір қызметті жеке алғандағы тарифтері мен құны; қолдану талаптары; қызметтер көрсету барысындағы талаптар, қолданылатын тарифтер мен баға туралы өзекті ақпаратты алу тәртібі; көрсетілген қызметтерге ақы төлеу тәртібі, нысандары мен тәсілдері; 7) қалааралық және халықаралық телефон байланысы операторын таңдау кодтарының тізбесі; 8) шарт жасау туралы өтінішті қарау тәртібі мен мерзімдері; 9) абоненттің және (немесе) пайдаланушының шағымдарын қарау тәртібі, дау жағдайларды шешу рәсімдері; 10) ақпараттық-анықтамалық қызметтер мен жөндеу бюросының телефон нөмірлері; 11) абонент және (немесе) пайдаланушы осы Қағидалармен толық көлемде таныса алатын орындарды көрсету. Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы нормалармен көзделген жағдайда бұзылады (өзінің қолданысын тоқтадады). 37. Шарт жасасу туралы өтініш еркін түрде ұсынылады: 1) тұрғылықты жерінде белгіленген тәртіппен тіркелген, толық іс-әрекетке қабілетті кез келген жеке тұлға немесе тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді жалға алушы бере алады. Кәмелеттік жасқа толмаған жеке тұлғалар шарт жасау туралы өтінішті заңды өкілдерінің (ата-анасының, асырап алушыларының, қамқоршыларының) жазбаша келісіммен береді; 2) Өзі орналасқан жері бойынша тіркелген, үй-жайдың меншік иесі немесе үй-жайды жалдаушы болып табылатын заңды тұлға, оның филиалы немесе өкілдігі бере алады. Байланыс операторы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қабылдаудан бас тарта алмайды. 38. Байланыс операторы белгіленген тәртіппен мынадай құжаттар болған жағдайда өтінішті қабылдайды және тіркейді: 1) жеке тұлға үшін – көрсетілген мекенжай бойынша оның тіркелгенін растайтын құжат немесе тұрғын үйді жеке меншігіне сатып алуы, жалға (аренда) немесе жалдан жалға алғаны туралы құжат, сондай-ақ өтініш берушінің жекебасын растайтын құжат. Оның көрсетілген мекенжай бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе тұрғын үйді жеке меншігіне сатып алуы, жалға алуы немесе жалдан жалға алуы туралы құжат депозит (алдын ала төлем) енгізілген жағдайда ұсынылмауы мүмкін. 2) заңды тұлғалар үшін – көрсетілген мекенжай бойынша оның тіркелгенін растайтын құжат немесе үйді меншікке сатып алуы, жалға (аренда), субаренда, жалдан жалға алғаны туралы құжат. Оның көрсетілген мекенжай бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе тұрғын үйді меншігіне сатып алуы, жалға (аренда), субаренда, жалдан жалға алғаны туралы құжат депозит (алдын ала төлем) енгізілген жағдайда ұсынылмауы мүмкін. 39. Ұжымдық пайдаланылатын терминалды қоса отырып, Шарт жасасу туралы өтінішті осы пәтерде тұратын, әр отбасынан біреуден және осы тұрғын үй ауданында белгіленген тәртіппен тіркелген тұлғалардың белгіленген тәртіппен куәландырылған жазбаша келісімімен жеке тұлға бере алады. 40. Өтініш беру кезінде жаңа мекенжай бойынша белгіленген тәртіппен тіркелген немесе бұрынғы өтініш берушімен қатар осы тұрғын үйге меншік құқығы бар тұлғалар Шарт жасасу туралы өтінішті жаңа мекенжай бойынша немесе жаңа тұлғаға бұрынғы мекенжай бойынша қайта ресімдей алады. Шарт жасасу туралы өтінішті беру мерзімінен кеш тұрғын жайға тіркелген тұлғалар немесе оның меншік иесі болған тұлғалар осы мекенжай бойынша тіркеу күнімен өтінішті өзіне қайта рәсімдей алады. Көрсетілген Шартты жасасу туралы өтінішті жаңа тұлғаға қайта ресімдеу, оның кетуімен немесе қайтыс болуымен байланысты құжаттармен расталған жағдайларды қоспағанда, бұрынғы өтініш берушінің келісімімен іске асырылады. 41. Шарт жасасу туралы өтініш беру кезінде өтініш беруші отбасының мүшелері кәмелеттік жасқа толмаған болса, өтініш берушінің кетуі немесе қайтыс болуы жағдайында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес толық іс-әрекет қабілеттілігі туған сәттен бастап осы өтінішті өзіне қайта ресімдей алады. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейін олардың атынан ата-аналары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекісі айқындамасында белгіленген тәртіппен тағайындалған қамқоршылар немесе асырап алушылар өтінішті қайта ресімдей алады. 42. Өтініш берушінің сол байланыс операторының жергілікті телекоммуникация желісінің әрекет аймағы шегінде қоныс аударуы кезінде оның жаңа мекенжайы бойынша кезегі, егер бұрынғы мекенжайы бойынша сұрауы қанағаттандырылмаса, Шарт жасасу туралы алғашқы өтінішін байланыс операторы тіркеген күні бойынша есептеледі. 43. Шарт техникалық мүмкіндік болған жағдайда телефон байланысы қызметтерін көрсетуге өтініш беру кезегі тәртібінде жасалады. 44. Байланыс операторы өтініш берушіге телефон байланысы қызметтерін көрсетуге техникалық мүмкіндік болмаған жағдайлардан басқа жағдайда, өтініш берген жеке немесе заңды тұлғалармен Шарт жасасады. 45. Байланыс операторы өтініш берушімен Шарт жасасудан мынадай жағдайларда бас тартады: 1) Ереженің 38 тармағына сәйкес өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаса немесе депозит (алдын ала төлем) енгізбесе; 2) өтініш беруші нақтыланбаған ақпарат көрсеткен жағдайда; 3) егер өтініш берушінің ауданы телефондандырылмаған, яғни байланыс операторының желісі болмаған жағдайда; 4) АТС нөмірлік сыйымдылық болмағанда; 5) магистральдық және тарату сыйымдылығы болмағанда. 46. Қосарлы сұлба бойынша жұмыс істейтін телефон аппараттары әуе абоненттік желіжолының мүмкін ұзақтығы шегінде орнатылады. 47. Бірнеше отбасы тұратын пәтердің тұрғыны болып табылатын өтініш берушіге, байланыс операторы мен өтініш беруші арасында жеке Шарт жасасқан жағдайда ғана дербес пайдаланылатын терминал орнатылуы мүмкін. 48. Жаңа автоматты телефон стансаларын пайдалануға енгізу және жергілікті телефон желілерін қайта құруға байланысты абоненттік нөмірлерді байланыс операторының өз бастамасымен ауыстыру пайдаланушыларды күні бұрын ескерте отырып, тегін жасалады. Абоненттік нөмірлер жаппай өзгерген кезде, байланыс операторы бұл туралы пайдаланушыларға 30 күнтізбелік күн бұрын хабардар етеді. Абоненттік нөмірді ауыстырған жағдайда байланыс операторы техникалық мүмкіндік болса, бұрын көрсетілген қосымша телефон байланысы қызметтерін (шығыс байланысты шектеу, қоңыраулы сағат, қайта адрестеу, автожауапбергіш және басқа да қосымша қызметтер) жаңа абоненттік нөмірдің атында қалдырады. 49. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне шығуға құқылы 128 нөмірден асатын абоненттер саны бар абоненттік желілер бойынша шағын АТС-ке (автоматтандырылған телефонды станса) қосуға шарт жасасу, Заңның 8 бабының 1 тармағы 19) тармақшасына және телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсі бойынша трафикті өткізуді реттеу Ережелерімен реттеледі. 5 параграф. Телефон байланысы қызметтері үшін есеп айырысу 50. Телефон байланысы қызметтері үшін төлеу нысаны мен тәртібі Шартта көрсетіледі. Есеп айырысу тарифтеу бірліктерінде жүргізіледі. Телефон байланысы қызметтері үшін абонентпен есеп айырысуды оларды ұсынған байланыс операторы немесе Шарт негізінде оған уәкілетті тұлға жүргізеді. 51. Телефон байланысы қызметтері үшін төлемдер Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы «Ақша төлемі және аударымы туралы» Заңы айқындаған нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. 52. Көрсетілген телефон байланысы қызметтерін төлеу үшін абоненттің ақшалай міндеттемелерін көрсететін, есеп айырысу құжаты болып табылатын шот ұсынылады, не болмаса, көрсетілген байланыс қызметтері үшін берешек туралы ақпарат беріледі. 53. Шот абонентке таңдаған тәсіліне сәйкес жеткізіледі. Жеткізу тәсілі нұсқалары бір бірінің орнын алмастырушы болып табылады. Абонентке көрсетілген қызметке төлем үшін шот поштамен (немесе электронды адреске) жіберілген жағдайда байланыс